Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жетісулық екі жасар бала Тұңғыш Президент күніне орай әнұран орындады

2020 жылдың 1 желтоқсан 2020 21:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жетісу қаласының тұрғындары #спойгимн #споемгимнвместе #әнұрандыбіргеайтайық атты әлеуметтік челлендж ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кез келген мемлекет үшін Әнұранның орны ерекше. Ол ел азаматтарының рухын біріктіреді. Біз «Әнұранды бірге айтайық» атты челлендж бастадық және қатысқан адамды «Жетісу» телеарнасының эфирінен көрсетеді. Ең ерекше, патриоттық сипатта түсірілген роликтер мәрелік бейнебаянның соңғы нұсқасына енеді», - делінген Jetisý media-ның YouTube-каналында.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған челлендждің алғашқы қатысушысы 2,5 жастағы Болат Бақберген Мұратбекұлы болды. Ол мемлекеттік әнұранды жатқа біледі.

«Біздің еліміз тәуеліздікке қол жеткізу жолында ауыр жолдардан, қиын кезеңдерден өтті. Жеңіс пен жеңілістерден тұратын қилы жолдарда көптеген тарихи оқиға болды. Осы оқиғаларда мемлекеттік рәміздер – байрақ, елтаңба және әнұран серік болып, тәуелсіздіктің, еркіндіктің, мемлекеттің бетбейнесі болып келеді», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай