Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Жезқазған қаласындағы шахтада жас кенші қаза тапты

2019 жылдың 23 шілде 2019 18:50

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының шахтасында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде 28 жастағы кенші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жазатайым оқиға «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасында болды. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өндіру учаскесі бұрғылаушысының 1991 жылы туған көмекшісі ауыр жарақат алды. Оқиға салдарынан жас кенші көз жұмды.

«Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.

«Қазақмыс компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқан адамның туған-туыстарына көңіл айтады», - деп хабарлады «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

Жоғары қарай