Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жезқазғанда қаскүнемдер қыстаққа шабуыл жасап, әкесі мен баласын соққыға жыққан

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 13:53

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазған қаласының маңында орналасқан қыстаққа белгісіз екі еркек келіп, үй иелерін ұрып тастаған. Полицейлер қаскүнемдерді ұстады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары ұрып-соғу себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на қала маңында орналасқан қыстаққа белгісіз тұлғалар шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған. Белгілі болғандай, шамамен таңғы 7.30-да қыстаққа күтпеген жерден екі белгісіз адам келген.

Бұзақылық ниетпен олар 52 жастағы ер адам мен оның 23 жастағы ұлын ұрып-соғып, содан кейін қашып кеткен.

Түрлі жарақат алған зардап шеккендердің бірі Жезқазған қаласының медициналық мекемесіне жатқызылды. Полицейлер қаскүнемдердің УАЗ автокөлігімен жүргенін анықтаған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 32 және 35 жастағы екі ер адамды ұстады. Күдіктілер кәнісін мойындады. ҚР ҚК 107-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаскүнемдер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД.


Жоғары қарай