Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жезқазғанда көлікпен зейнеткерді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 16:56

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – «Жезқазған – Сәтбаев» тас жолында жеңіл көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде қарт әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай полиция қызметкерлері 21 жастағы көлік иесін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік оқиғасы 12 қыркүйекте Жезқазған қаласында болған болған. Оқиға салдарынан

Қарт әйел Жезқазған қаласының медициналық мекемесінде көз жұмды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Куәгерлер жүргізуші қара түсті ВАЗ-21099 автокөлігінде болғанын айтты.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы ер адам күдікті ретінде ұсталды. Ол кінәсін толық мойындады. Ұсталған азаматтың автокөлігі тәркіленді. ҚР ҚК-нің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» және ҚР ҚК-нің 347-бабы «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кету» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қаскүнем УҰИ-на орналастырылды», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД.


Жоғары қарай