Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жезқазғанда үш адам коронавирус жұқтырды деп жалған хабар таратқан әйел кешірім сұрады

2020 жылдың 28 наурыз 2020 05:00

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Жезқазғанда үш адам коронавирус жұқтырды деген қауесет тараған, деп хабарлайды Polisia.kz.

27 наурызда WhatsApp мессенджеріне мониторинг жасау кезінде полицейлер вирус жұқтырған адамдар туралы жалған ақпарат тарату фактісін анықтады. Аудиожазбада Жезқазған қаласында үш адам коронавирус жұқтырғаны туралы айтылды. Бұл факт шындыққа сәйкес келмейді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі (телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 32 жастағы қала тұрғыны анықталды.

Қарағанды облысының полиция департаменті азаматтарды әлеуметтік желіде пайда болған өсек-аяң мен пікірлерге сенбеуге шақырады. Мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне назар салу қажет.

Айта кетейік, Қазақстанда осындай қылмысты жасағандарға жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.




Жоғары қарай