Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Жігіттер» тобының әншісі Дәрежан Өмірбаевтың жаңа фильміне түскелі жатыр

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 07:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жігіттер» квартетінің мүшесі қазақстандық «Ақын» атты кинокартинада ойнауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Режиссер Дәрежан Өмірбаев өзінің «Ақын» кинокартинасының түсірілім жұмыстарына кірісті. Туынды шығармашыл жандардың өмірі мен проблемалары жайлы баяндайды.

«Басты рөлге үміткер - «Жігіттер» квартетінің мүшесі Ердос Қанаев. Бұйыртса, әншінің тыңдармандары оны жаңа қырынан көруі мүмкін» деп хабарлады Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы.

Жалпы, Дәрежан Өмірбаев кәсіби емес актерлермен жұмыс істегенді жақсы көреді.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін «Ақын» атты толықметражды көркем фильм түсірілгелі жатқанын жазған болатынбыз.

Герман Тесстің «Шығармашылық кеш» атты әңгімесінің желісі бойынша түсірілетін туынды Алматыда тұратын 40 жастағы қазақ ақынының өмірінен сыр шертеді.


Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Мәдениет, Өнер,
Жоғары қарай