Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жоғалып кеткен ағайынды екі баланы 30 полицей қызметкері іздеген

2020 жылдың 3 тамыз 2020 17:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жоғалып кеткен 8-11 жастағы ағайынды баланы 30 полиция қызметкері іздеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалардың із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға 01:45-те түскен.

Ата-аналарының айтуынша, балалар үйден күндіз шығып кеткен, содан оралмаған.

Шұғыл түрде құрылған іздестіру тобы, 15 кинолог маман бірден шартарапты тінте бастады.

«Біріншіден, жақын арадағы орындар тексерілді. Көршілерден сұрақ жауап алынды. Балалар таңғы 7.35-те табылды. Олар түнімен дәмхананың қасында отырған. Үйден неге кетіп қалғандарын түсіндірмеді. Біз міндетті түрде балалардың әлеуметтік жағдайын, отбасының тұрмыс тіршілігін тексеретін боламыз. Балалар үйден бекер кетпейтіні анық», - деді Алатау аудандық ПБ басшысы Ілияс Өмірсеріков.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай