Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жоғарғы соттың судьясы лауазымына кандидат іріктеуде қазақстандықтардың пікірі ескеріледі

2020 жылдың 3 тамыз 2020 20:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Судьялық лауазымдарға кандидаттарды іріктеу кезінде қазақстандықтардың пікірі ескерілетін болады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сот кеңесінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоғарғы сот кеңесі қазақстандықтарды Жоғарғы сот судьялар лауазымдарына кандидаттар туралы пікір білдіруге шақырады. Бұл кадрларды іріктеудің барынша объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп отыр. Жоғарғы сот кеңесі қазіргі уақытта Жоғарғы мот судьяларының 2 бос лауазымдарына конкурс өткізіп жатыр», делінген хабарламада.

Іріктеу барысында үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері зерделеніп, олардың қабілеттері мен дағдылары бағаланады.

«Әрбір үміткерден Кеңес мүшелері сұхбат алады, оған адвокатура, прокуратура өкілдері, өзге де заң қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ HR-мамандар қатысады. Сонымен қатар, әрбір қазақстандық нақты үміткер туралы өз пікірін білдіре отырып, кандидаттарды іріктеу процесіне қатыса алады. Ол үшін v.sovet@vss.gov.kz Кеңестің электрондық поштасына тиісті хатты 13 тамыздан кешіктірмей жіберу қажет», делінген хабарламада.

Жоғарғы сот судьялары лауазымдарына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын үміткерлер тізімі кеңестің сайтында берілген.


Басты сөздер: ҚР Жоғарғы соты, Сот,
Жоғары қарай