Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бас директоры ауысты

2020 жылдың 13 тамыз 2020 10:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының келісімі бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа Бас директоры болып DB Engineering&Consulting Азия-Тынық мұхиты аймағының дирекциясын басқарған неміс маманы Питер Штурм (Peter Sturm) тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы бапасөз қызметінің хабарлауынша, теміржол көлігі және халықаралық тасымалдау саласында еңбек өтілі бар П. Штурм, 25 жыл бойы халықаралық компанияларда түрлі басқару қызметтерін атқарған. Бұған дейін ол инновациялар мен өзгерістерді енгізудегі жауапты бөлімшелерді басқарды, жылжымалы құрамды сатып алу және қызмет көрсету, ақпараттық технологияларды енгізу, темір жолдарды пайдалану және т. б. салаларда қызмет атқарды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін басшы болған Кортюм мырза денсаулығы мен жеке жағдайларына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры қызметінен кетуге шешім қабылдады.


Басты сөздер: Тағайындау, ҚТЖ,
Жоғары қарай