Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жолдау: Пандемия кезінде ауруханаларға қажетті түрлі медициналық жабдықтар жеткізілген

2021 жылдың 14 мамыр 2021 13:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттің қалай орындалғаны туралы желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Берік Уәли 2020 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауынан үзінді келтіріп, сол міндеттің бүгінде іске асқанын дәлелдейтін ақпарат жариялады.

«Үкіметтің алдында алғашқы дәрігерлік көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау міндеті тұр. Бұл қызмет қалың жұртшылық, әсіресе, ауыл тұрғындары үшін мейлінше жедел әрі қолжетімді болуға тиіс», - деді Президент.

Аталмыш тапсырмаға қатысты орындалған шаралар тізбесі жарияланған.




«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамы пандемия кезіңінде ауруханаларға

- 168 өкпеге жасанды жолмен дем беру аппаратын,

- 875 оттегі концентратын,

- 1020 пульсоксиметр,

- 100 санитарлық машина,

- «Авифавир» препаратының 3 000 қаптамасын,

- SINOFARM вакцинасының 1 миллион дозасын (БАӘ) жеткізді.

Сондай-ақ 15 жаңа оңалту орталығы мен 3 ерте араласу орталығын жасақтау жұмысы қаржыландырылды», делінген хабарламада.


Жоғары қарай