Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ЖОО ұстазы: Бүгінгі күні қоғам мүшелеріне белсенділік жетіспейді

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 11:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультеті деканының оқу ісі және әлеуметтік қызмет жөніндегі орынбасары Лейла Кудреева «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қарапайым халық, әсіресе, қаңтардағы оқиғадан кейін билік партиясының шешімін біраз толғаныспен күтті.

«Президент «Nur Otan» партиясының қоғамдағы рөлін арттыру аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, сын сағатта партияның алып күші пайдаланбай қалғанына өкініш білдірді. Мемлекет басшысы «қаңтар қасіреті» жастардың әлеуметтік- экономикалық тұрғыда бейімделуінде жіберген кемшілікті анық көрсеткенін баса айтты», - дейді Лейла Кудреева.

Ұстаздың сөзінше, бүгінгі күні қоғам мүшелеріне белсенділік жетіспейді.

«Шынында да, бізге, жалпы қоғам мүшелеріне белсенділік жетіспейді. Бір-біріміздің мәселемізге бас ауыртқымыз келмейді. Қазір қос дипломы бар жастардың дені жұмыссыз. Жұмысы болмаған соң олар жаман әдетке әуес келеді. Өз басым Президенттің «жастарды техникалық мамандықтарға баулу керек» деген ұсынысын қолдаймын. Өйткені біздің қоғам білікті инженерлерге, техниктерге, тағы басқаларына өте зәру. Әлі күнге дейін мұнайгаз секторы кәсіби техник мамандарды сырттан алдырады. Осындай кемшіліктерді жою үшін отандық мамандарды өзіміз молынан, қажеттілікті өтейтіндей деңгейде даярлауымыз керек. Оған біздің елдің мүмкіншілігі де, қуаты да жетеді. Тек еліміздің болашағы жастардың тағдырына бей-жай қараудан арылуымыз керек. Сонда ғана нақты нәтижеге жетеміз», - дейді спикер.


Фото: www.kaznu.kz
Жоғары қарай