Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жуалы ауданындағы медқызметкер шағымы бойынша тексеру: бас дәрігер мен орынбасары жұмыстан босатылады

2020 жылдың 2 шілде 2020 18:49

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерде жарияланған Жуалы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкері Фарида Жанбатырованың өтініші бойынша ішкі тергеу жүргізу үшін Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия құрамына денсаулық сақтау басқармасының, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері және қоғам өкілдері енген. Комиссия мүшелері медицина қызметкерлерімен, медициналық мекеме ұжымымен жеке кездесулер өткізіп, сондай-ақ анонимді сауалнама жүргізді.

«Комиссияның алдына айтылған барлық фактілерді объективті және бейтарап түрде анықтау, емдеу мекемесі қызметкерлерінің құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдау міндеті қойылды. Қызметтік тексерістің алдын ала нәтижелері бойынша Ф.Жанбатырованың кейбір дәлелдері расталды. Ұжымда жағымсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқан десек, оған ең алдымен емдеу мекемесі басшылығының өзінің кәсіби міндеттеріне жауапсыз қарауы әсер еткен»,-делінген хабарламада.




Жіберілген бұзушылықтар үшін ОАА бас дәрігері Б. Алпысбай, бас дәрігердің экономика жөніндегі орынбасары А.Байтореев қызметінен босатылады. Сондай-ақ, Жуалы ауданының әкімі Н. Еркебековке сөгіс жарияланады.

Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының жауапкершілігі карантин аяқталған соң қаралмақ.

Істің барлық материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.


Жоғары қарай