Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай монета айналымға шығады

2020 жылдың 23 қазан 2020 10:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Ұлттық банкі Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай монета шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық банк номиналы 100 теңгелік МН 25 мельхиор қоспасынан «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан «JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Монеталарды шығару қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орайластырылған», - желінген хабарламада.

Монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы «brilliant uncirculated», номиналы 100 теңгелік, таралымы -
7 000 дана.

Монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Айта кетсек, Жұбан Молдағалиев Қазақ КСР Халық жазушысы, «Қыран дала», «Мен қазақпын», «Жыр туралы», «Сел» және басқа да шығармалардың авторы, қазақ ақыны.
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай