Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жүкті әйелдерге вакцина салу мәселесі зерттелуде - Нариман Табынбаев

2021 жылдың 28 маусым 2021 17:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақсанда жүкті әйелдерге вакцина салуға рұқсат беріле ме? Бұл сауалға онлайн брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онлайн брифинг барысында БАҚ өкілдері басқарма басшысына Қазақстанда неге жүкті әйелдерге вакцина салуға рұқсат берілмей отыр? деген сауал қойды.

Өз кезегінде Нариман Табынбаев жүкті әйелдерге вакцина салу туралы Денсаулық сақтау министрлігінен бұйрық келмегенін мәлім етті.

«Ресейде жүкті әйелдерге вакцина салуға рұқсат берілді деген хабар келді, бірақ біздің Денсаулық сақтау министрлігімізден Қазақстанда да жүкті әйелдерге салуға болады деген бұйрықты алған жоқпыз. Ол әлі зерттеліп жатыр», - деді ол.


Жоғары қарай