Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Декреттік демалыс ақысы мен жөргекпұл алатындар онлайн өтініш бере алады

2020 жылдың 6 шілде 2020 00:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жүктілік пен босануға байланысты төлемдерді тағайындау үшін онлайн өтініш беруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Электрондық үкімет» порталында жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтінім беру мүмкіндігі қарастырылған.

«Біз сіздердің пікірлеріңізді әрқашан мұқият қадағалаймыз, талдаймыз және нәтижені басшылыққа ала отырып, қызметтер мен сервистерімізді жақсартуға тырысамыз. Сондықтан көптеген өтініштер бойынша жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті онлайн беру мүмкіндігін жаңарту туралы шешім қабылданды», - деп түсініктеме берді «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметті алу үшін бірінші кезекте порталда авторизациядан өту қажет. Содан кейін порталдың басты бетінде «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке тапсырыс беру қажет. Одан әрі ашылған терезеде «Құру» батырмасын басу керек. Бұдан кейін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы» бағанында «Жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау» қызметін таңдап, қажетті алаңдарды толтыру қажет.

Қажет құжаттардың тізімімен және өтініш үлгісімен порталда танысуға болады.

Қызметті мына сілтемеде алуға болады.


Жоғары қарай