Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жұма күні Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

2020 жылдың 31 шілде 2020 04:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» мамандары 31 шілде күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның мәліметінше, жұма күні еліміздің бір қаласында - Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жоғары қарай