Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы қандай салаларды қамтиды

2021 жылдың 28 тамыз 2021 16:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы қандай салаларды қамтиды. Бұл сауалға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы төрт бағытты қамтиды. Біріншісі – ұзақмерзімді тиімділікке арналған инфрақұрылымдар. Бүгінде мектептердің, денсаулық сақтау нысандарының, әлеуметтік нысандардың, мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы бағыт бойынша 18 мыңнан астам маманды жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз», - деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, екінші бағыт – шағын ниесиелеу. Мемлекет жеңілдетілген мөлшерлемемен бизнес ашу үшін кредит береді. Кредиттің ең жоғары мөлшері 23 млн теңгеден асып жығылады.

«Меніңше, бұл өте жақсы құрал және көпшілігі бұл құралды пайдаланып жатыр. Шағын несие төмендетілген жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен беріледі», - деді ол.

Оның атап өтуінше, екінші бағыт – шағын несие. Мемлекет бизнес ашу үшін жеңілдетілген мөлшерлемемен несие береді. Несиенің ең жоғары көлемі 23 млн теңгеден асып жығылады.

«Меніңше, бұл өте жақсы құрал және көпшілік бұл құралды пайдаланып жатыр. Несие төмендетілген, жылдық 6 пайыз мөлшерлемемен беріледі», - деді ол.

Вице-министр үшінші бағыт агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бағытталғандығын айтады.

«Агроөнеркәсіп кешені қауіпсіздігі мәселесінің өте маңызды екендігі ешкімге де құпия емес. Импорттық азық-түлік өте көп. Сондықтан импорттық өнімнің орнын басу үшін отандық өндірісті арттыру қажет. Бұл бағытта да несие беріледі. «Бәйтерек» холдингі қаржыландыратын шамамен 42 ірі жоба бар», - деді вице-министр.

Ал төртінші бағыт шағын бизнесті қолдауға бағытталған.

«Мемлекет балық емес, қармақ қолға береді. Азаматтар бизнеспен айналысуы, бұл салада әсіресе ауылдық жерлердің тұрғындары жеке қосалқы шаруашылықтарын дамытып, өз өнімдерін қалаға әкеп сатуы, белсенді қызмет етуі үшін жағдай жасайды»,- деді Ержан Біржанов.


Жоғары қарай