Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жұмысшы кентіндегі 873 үй орталықтандырылған су жүйесіне қосылады - Қарағанды

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 22:54

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Сұрыптау ауданының Жұмысшы ауылында орталықтандырылған су жүйесінің құбырларын салу жұмыстарын осы күздің ішінде аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құбырлар ұңғымаларды пайдаланып, ауыз су алып отырған 873 отбасының үйлеріне тартылады. Осылайша, бүкіл ауыл орталық сумен жабдықтауға қосылады.

Мердігер компания «Дәнекер» ЖШС кестеден едәуір алда келеді.

«Құрылыс осы жылдың мамыр айында басталған болатын. Су құбырының ұзындығы – 15,8 шақырым. Қазір біз 1 км 300 метрді аяқтап, содан кейін сығымдау мен жууды бітіруіміз керек. Төсеу КББ (көлденең бағытталған бұрғылау) әдісімен жүргізіледі. Топырақтың бетін ашпай, біз жерді тесіп, құбырды созамыз», – дейді компанияның техникалық директоры Андрей Сизев.







Ауыз су құбырлары 16 көшенің тұрғындарына жеткізіледі.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Пришахтинскідегі орамішілік су құбыры желілерін ауыстырудың кезекті кезеңі жүріп жатыр. Жоба 2020 жылы басталды.

Биылғы жылдың соңына дейін 29 шақырым жаңа желі төсеуді аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде 65 мың тұтынушы сапалы сумен қамтамасыз етіледі.

«Мұндағы желілердің тозуы 65-70%-ды құрады. Жұмыс аяқталғаннан кейін судың сапасы мен гидравликалық фон жақсарады. 2025 жылға дейін тағы 30 шақырым құбырды ауыстыруды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті «Қарағанды Су» бас директоры Данияр Исаев.

Биыл жаңа қаланың (Әлиханов, Ерубаев, Жауынгер-Интернационалистер, Бұқар жырау даңғылы), Михайловка және Ақтас кентінің тұтынушылары үшін магистральды су тартқышын жөндеу аяқталады. Жоба Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады және бірінші күрделілік санатына жатады. Бұл су құбырларын төсеу кезінде жұмыс істеп тұрған көптеген коммуникациялардың кедергі етуіне байланысты.










«Қолданыстағы болат құбырларға біз жаңа полиэтиленді құбырларды қосып, салып жатырмыз. Біз КББ әдісін қолданамыз. Мен өзім қарағандылықпын және қалада мұндай жұмыс көлемі бұрын-соңды жүргізілген жоқ деп айта аламын. Қыркүйек айында аяқтаймыз, үш жылға кепілдік береміз. Ал, құбырлардың өздері 50 жылдан астам уақыт қызмет етуі керек», – деп түсіндірді «АлматыИнжСтрой» ЖШС «Сарыарқа» филиалы директорының орынбасары Игорь Сараев.

Ұзындығы 8,4 шақырым жаңа магистралды су тартқышқа қосылу қазан айында өтеді.

Сондай-ақ, Ерубаев көшесінің Новоселов көшесінен Ермеков көшесіне дейінгі бөлігінде траншеясыз технология бойынша су құбыры ауыстырылуда. Бұл учаскеде құбырлар 100% тозған. Жұмыстар «Қарағанды Су» инвестициялық жобасы бойынша жүргізілуде. Аяқталу мерзімі – 2021 жылғы қазан айы.











Жоғары қарай