Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жұмыссыздық: Қазақстанда қандай сала қызметкерлері көп зардап шекті

2021 жылдың 28 тамыз 2021 21:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов қандай сала қызметкерлері жұмыссыздықтан көп зардап шеккенін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызмет көрсету саласы қатты зардап шекті. Олар: мейрамхана, қонақ үй бизнесі, көлік саласы және басқалары. Бұл салаларда жұмыс істеушілер санының төмендеуі байқалады. Дегенмен, оң сальдо тіркелген басқа да бағыттар бар. Бұл - ІТ саласының, ақпараттық жүйенің қызметкерлері. Олар жағдайға тез бейімделіп, қызметтерін онлайн режимде көрсетуде», - деді вице-миннистр ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның дерегінше, жұмыссыздардың ең көбі Алматы, Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген. Бұл өңірлердегі жұмыссыздық көрсеткіші 5 пайыздан асады.

«Мұндай жайт аталған өңірлерде жұмыс күші санының көп шоғырлануымен байланысты болып отыр. Көші-қонның үздіксіз процесі, жұмысшы ресурстарының ағылуы жұмыс ауыстыруға итермелейді, жаңа мүмкіндіктер де пайда болады. Статистикаға сәйкес, аталған өңірлерде жұмыссыздық деңгейі жоғары», - деді Ержан Біржанов.



Жоғары қарай