Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жұмыссыздықтың негізгі себептері қандай

2021 жылдың 28 тамыз 2021 20:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұмыссыздық – бұл табиғи процесс. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыссыздық – бұл табиғи процесс. Ол болды және бола да береді. Дәл осы жұмыссыздар санаты жаңа өндірістерді ашу үшін негізгі ресурс саналады. Олар сол арқылы өз ресурстарын толықтырады. Экономиканың салалары, бағыттары өзгереді. Тіпті, пандемия кезінде экономиканың көптеген салалары жұмыстарын жаңаша бейімдеді. Айталық, қонақ үй бизнесі, тамақтану орындарында даяшылар жұмыстан шығып қалды. Бірақ, жұмысшылардың басқа санаты курьерлер, онлайн қызмет көрсететін тұлғалар пайда болды. Демек, нарық сыртқы ортаға жылдам бейімделеді деген сөз. Сол себепті жағдай өзгерген кезде адамның дағдысы болмаса, онда ол еңбек келісімшартын тоқтатуға мәжбүр болады», - деді вице-министр ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Осы ретте вице-министр адамдар жаңа жағдайға тез бейімделіп, жаңа дағдыларды меңгеруді үйренуі қажеттігін айтады.

«Егер жұмысшылар қысқа мерзімді курстан өтіп, жаңа дағдыны игеругедайын болса, онда олар мұнан ары жұмысқа орналаса алады. Бірақ, бейімделе алмайтын және жұмыссыз ретінде есептелінетін санат та бар», - деді Ержан Біржанов.


Жоғары қарай