Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Жүргенов атындағы академия студенттері халықаралық байқаудың жүлдесін иеленді

2019 жылдың 8 тамыз 2019 18:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының екі студенті халықаралық байқауда жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Бексұлтан Кенішқалиев пен Дария Болсанбек Литвада өткен «Паланга-2019» XV-ші халықаралық әншілер байқауында бақ сынаған болатын.

«Біздің Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының »Эстрадалық вокал« мамандығының 3-курс студенті Бексұлтан Кенішқалиев пен »Музыкалық театр артисі« мамандығының 2-курс студенті Дария Болсанбек Литва мемлекетінде өткен »Паланга-2019« XV-ші халықаралық әншілер байқауына қатысып, Қазақстан өнерінің биік деңгейін тағы бір дәлелдеп, жеңіс тұғырынан көрінді. байқаудың 2 турында да ең жоғары ұпай санымен Бексұлтан Кенішқалиев - Гран-При жүлдесіне ие болса, Дария Болсанбек - І-орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, өнердің әлі талай биіктерінен көрінуіне тілекшімін! !» - деді оқу орнының ректоры Асхат Маемиров.

Оның айтуынша, Бексұлтан мен Дария Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, халықаралық байқауда Қазақстан намысын қорғаған.

«Жас таланттарды қолдау, ел өнерін халықаралық аренада дәріптеу - біздің еліміздің мәдени саясатындағы басты бағыттардың бірі. Ел мерейін асқақтатар - жас дарындарымыз көбейе берсін», деді ректор.

Байқауға Қазақстанмен бірге, Ресей, Израиль, Латвия, Әзербайжан, Литва, Беларусь, Армения секілді мемлекеттердің эстрада орындаушылары қатысқан.


Перевод Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Өнер, Алматы,
Жоғары қарай