Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Жүргізуші куәлігін электрондық үкіметтен алуға болады

2020 жылдың 23 мамыр 2020 11:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Электрондық үкімет» порталында жүргізуші куәліктерін беру бойынша көрсетілетін қызмет жетілдірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мерзімі өтіп кеткен, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру керек болмаса жоғалтып, ұрлатып алуына байланысты жүргізуші куәлігін қайта алуға өтінішті үйден шықпай-ақ беруге болады. «Электрондық үкімет» порталында жүргізуші куәлігін беру бойынша көрсетілетін қызмет жетілдірілді. Енді оны мерзімі өткен, тегін, атын және әкесінің атын ауыстырған, құжатты жоғалтқан немесе ұрлатып алған кезде пайдалануға болады. Көрсетілетін қызметті жеке тұлғалар пайдалана алады», делінген хабарламада. Нәтижесінде өтнішін берушіге жүргізуші куәлігі дайындалып жатқаны жөнінде хабарлама келеді

«Біз тұрақты және тәулік бойы мониторинг жүргізіп, кері байланыс жасаймыз. Азаматтардан келіп түсетін барлық ұсыныс жеке жағдай (кейс) ретінде қаралады және пысықталады. Бұл онлайн режимде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу процесін жақсартуға және жеңілдетуге ықпал етеді», - деп түсіндірді «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Көрсетілетін қызметті алу үшін eGov.kz порталына кіру керек, «Көлік және коммуникация» қосымша бетін таңдау. «Автомобиль көлігі» бөлімінде «Жүргізуші куәліктерін беру» көрсетілетін қызметін таңдау қажет. Бұдан әрі порталда авторлану және «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту керек. Барлық міндетті жолдар толтырылып, фотосурет және қол қою үлгісін жүктеледі. 1,25 АЕК мөлшерінде төлем жасалып, ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қою қажет.

«Тегін, атын және әкесінің атын өзгерту» жолын таңдаған кезде тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлікті жүктеу қажет. Іс-әрекет ету мерзімі өткеннен кейін 083-У медициналық анықтаманы, жоғалған немесе ұрланған жағдайда ҚР ІІМ талабына сәйкес толтырылған аудандық полиция басқармасының анықтамасын тіркеу қажет.

Айта ктерлігі, көрсетілетін қызмет ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетімен бірге жетілдірілген.

Еске слаа кетсек, қазақстандық жүргізушілер алдағы уақытта тек жеке куәлікпен көлік жүргізе беретін болады.

Жоғары қарай