Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жүргізуші куәліктері бойынша қызмет қайта жанданды

2021 жылдың 13 қазан 2021 10:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жүргізуші куәліктері бойынша клиенттерді қабылдау қайта жүргізіле бастады. Бұ туралы ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкіметке» сілтеме жасап хабарлайды.

«Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасындағы ақауға байланысты 13 қазанда мамандандырылған ХҚО-ларда жүргізуші куәліктерін беру бойынша клиенттерді қабылдау уақытша тоқтатылған болатын.

Қазіргі уақытта барлық ақау жойылып, автоХҚО клиенттерді қайта қабылдап жатыр», делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін мамандандырылған ХҚО-да жүргізуші куәлігін беру уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.



Басты сөздер: Көлік, Қоғам,
Жоғары қарай