Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Журналистердің Этикалық кодексін жетілдіру қажет - Нұртөре Жүсіп

2020 жылдың 19 қараша 2020 13:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен сенатор Нұртөре Жүсіп Премьер-Министр Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады. Онда Журналистік әдеп кодексін жетілдіру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауал жолдаған депутаттардың сөзіне сүйенсек, заң аясында жауапкершілік қарастырылса да, өңірлік БАҚ-та зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе келеңсіз әрекет жасаған балалардың суреттері мен олар туралы деректерді жариялау мәселесі кездесіп жатады. Ал жеке өмірге қол сұғушылықтың салдары ауыр болуы мүмкін.

«Кәсіби этиканы бұзуға жол бермеу үшін журналистердің Этикалық кодексін жетілдіру қажет. Оған жұртшылық өкілдерін, мүдделі уәкілетті органдарды, сондай-ақ, Парламент депутаттарын жұмылдырған орынды болар еді», – деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Айта кетейік, аталмыш депутаттық сауалда, сондай-ақ адам құқықтары негізін бастауыш сыныптан бастап оқыту керектігі айтылды.

«Жыл сайын балаларға қатысты қылмыс саны көбейіп отыр. Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, биыл елімізде мұндай жағдай 8 пайызға өскен. Оған кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы фактілерді жасырғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуі де себеп болды. Жалпы, 70 пайыздан астам жағдайда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды жақын, туыс адамдар жасайтыны алаңдатады», – делінген сенаторлардың депутаттық сауалында.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Парламент, Сенат, Заң, БАҚ,
Жоғары қарай