Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Жусан» операциясымен елге оралған балалардың жағдайы қандай

2021 жылдың 31 мамыр 2021 17:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Террористік қақтығыс алаңдарынан Қазақстанға қайтарылған балалардың алды Олимпиада жүлдегері атана бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жағымды жаңалықты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина айтты.

«Былтыр Ана мен бала құқығын қорғау мәселелері туралы заң жобасының аясында білім саласындағы уәкілетті орган ретінде біздің комитетке тиісті құзырет берілген болатын. Сол құзырет бойынша террористік әрекеттерден зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту ережелерін дайындауға міндет алғанбыз. Былтыр қыркүйекте сол ережелерді қабылдаған едік. Террористік қақтығыс алаңдарынан қайтарлыған балаларға көрсетілетін көмектің түрі мен көлемі осы ережеде қарастырылған», - дейді комитет өкілі.

Юлия Овечкинаның айтуынша, аталған ереже бойынша террористік қақтығыстар аумақтарында болған балаларға білім беру, құқықтық, әлеуметтік қызметтер көрсету мемлекет есебіне жүргізілетіні нақты көрсетілген.

«Бүгінде қайтарылған баланың әрбірі жеке бақылауға алынған. Әр балаға әлеуметтік оңалту жеке жоспары жасалған. Әр баламен тәжірибелі педагогтармен психологтар ұмыс істеп жатыр. Тек балалармен ғана емес, олардың отбасымен жұмыс істейді. Осындай алалары бар әр отбасының жағдайын, проблемасын жақсы білемуіз деуге болады», - деді комитет төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, Юлия Овечкина «Жусан» арқылы елге жеткен балалар қазірдің өзінде белгілі бір жетістіктерге жете бастағанын айтты

«Жусан» арқылы келген балалардың бәрі мектеп пен балабақшаға барып жүр. Оңалтуға алынған балалардың 40 пайызы үздік және озат оқушылар қатарына қосылғанын біліп, қуанып жатырмыз. Арасында олимпиада жүлдегерлері, түрлі шығармашылық байқаулардың, спорттық конкурстардың жеңімпаздары бар екенін мақтаншыпен айтып жүрміз», - деді ведомство өкілі.


Жоғары қарай