Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жыл басынан бері еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2021 жылдың 28 шілде 2021 11:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 564 кәсіпорнында 14,4 мың жұмыскердің алдында 3,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 570 нұсқама беріліп, 64,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,2 млрд теңге төленді.


Жоғары қарай