Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жыл басынан бері Қазақстанның сыртқы сауда тауар айналымы 72,8 млрд доллардан асты

2021 жылдың 10 қараша 2021 09:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев елімізде өңделген тауарлар экспорты ұлғайғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында сыртқы сауда тауар айналымы 72,8 млрд долларын құрап, оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 43,3 млрд долларына дейін жетті. Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 25,5%-ға өсіп, 14 млрд долларға дейін жетті», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Спикердің айтуынша, биыл тауарлар импорты 29,5 млрд долларды құраған.

«Жалпы, оң сауда балансы өткен айға қарағанда 1,8 млрд долларға өсіп, 13,8 млрд долларға жетті», - деді Ә. Ерғалиев.

Бұған дейін министр биылғы 10 айдағы еліміздің экономикалық дамуы туралы баяндаған еді.

Биылғы қаңтар-қазан айларында Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші 3,5%-ды құрады. Осы кезеңде негізгі трендтер бойынша қызмет көрсету секторындағы өсу қарқынының жеделдеуі, өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс салаларының экономиканың өсуі мен тұрақтылығының драйверлері болып қала беруі, экспорттың жоғары өсім динамикасы, өндіруші емес секторлардағы жоғары инвестициялық белсенділіктің сақталуы байқалды.


Жоғары қарай