Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жыл басынан бері құрылысқа салынған инвестиция 2,5 есе өскен

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 09:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар-тамыз аралығында тау-кен өнеркәсібінен тыс салаларға тартылған инвестиция көлемі 18 пайызға өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты

«Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші 3%-ды құрады. Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты және қызмет көрсету секторларындағы өсудің оң динамикасы, өндіруші емес секторлардағы инвестицияның жоғары өсуі, сауда балансының оң сальдосының сақталуы байқалып отыр. Осы жылдың қаңтар-тамызында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады». – деді министр.

Оның айтуынша, жыл басынан бері қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,3%-ға дейін көтерілген.

Ал салалар арасында ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетуде.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығында да оң өсім байқалып отыр.

«Экономикалық өсімнің маңызды факторы - ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту болып отыр. Оның ішінде өндіруші емес салаларда инвестиция тарту белсенділігі байқалды. Осыған байланысты есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 18,0%-ды құрады. Инвестиция құрылыс саласында – 2,5 есеге, өңдеу өнеркәсібінде – 81,7%-ға, ауыл шаруашылығында – 43,2%-ға, саудада – 39,9%-ға, ақпарат және байланыста – 37%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында –16,2%-ға және көлік саласында – 9%-ға өсті», - деді ведомство басшысы.


Жоғары қарай