Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 2,5 есеге артқан

2020 жылдың 25 қараша 2020 15:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IX Азаматтық форумда сарапшылар тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнованың айтуынша, бұл мәселені талқылап, басты себептерін анықтау керек.

«Нормалар мен талаптарды күшейту әрдайым пайда тигізе бермейді, өйткені барлық проблемалардың қайдан шығатынын түсіну керек. Әрине, пандемия кезінде барлық адамдар үйреншікті жеріне бара алмай, үйде отырды. Қашықтан жұмыс істеді, балалар да бұл уақытта үйде болды. Мұның бәрі қаражаттың жетіспеуі, күнделікті проблемалармен астасып және түсініспеушіліктердің туындауына әкеп соқты. Мұндай зорлық-зомбылықтың соңы әрине қайғылы аяқталады. Мұны талқылап отырғанымызға қуаныштымын. Адам зорлық-зомбылықпен полицияға жүгінгенде тергеуші немесе полиция қызметкері бірден жауап бере алмайды және не істеу керектігін айта алмайды», - деді Ирина Смирнова.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы Ләззат Рамазанова бұл проблеманың зорлық-зомбылық құрбандарымен тікелей жұмыс істейтін ұйымдарға да қатысты екенін айтты.

«Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бойынша, 2020 жылдың 9 айында республикада өткен жылдың кезеңмен салыстырғанда қылмыстық құқықбұзушылықтар саны азайып, 34,4%-ды құрады. Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейіп, 2,5 есе өсті», - деді Ләззат Рамазанова.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының басшысы Әсет Оспановтың айтуынша, отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтар жасырын сипатта болады, өйткені көпшілігі үйден жанжалды сыртқа шығарғысы келмейді.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі тек Қазақстанға емес, бүкіл әлемге тән. Отбасылық және тұрмыстық құқықбұзушылықтар көп жағдайда жасырын қалады, өйткені олар үйдегі жанжалды полицияға айтып, пана сұрағысы келмейді. 2017 жылдың соңынан бастап интернет пен әлеуметтік желіде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ақпарат көбейді. Біз оны мұқият зерттей бастадық. Бас прокуратурамен бірлесіп статистиканы бақылауды күшейттік. 2018 жылы 180 қылмыс бойынша қосымша карточкалар қойылды. 2019 жылы тұрмыстық қылмыстардың 14%-ға өсуі байқалды. Ал биыл тұрмыстық-отбасылық қатынастар саласындағы қылмыстардың 0,6%-ға өсуі байқалады. Жүргізілген талдауға сәйкес, бұл қылмыстардың жартысынан көбі мас күйінде жасалған. Қылмыстың 80%-дан астамын жұмыссыз адамдар жасаған. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 45 % - әйелдер, 5% - кәмелетке толмағандар және 50% - ер адамдар», - деді Әсет Оспанов.


Жоғары қарай