Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жыл сайын Мемлекет басшысына қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама енгізіледі

2021 жылдың 22 сәуір 2021 12:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл сайын Мемлекет басшысына қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама енгізіледі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министр Болат Тілепов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдан бастап елімізде жұмыс істеп жатқан 237 және оған қосымша құрылатын 13 қоғамдық кеңестердің өкілетін едәуір арттыратын заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Атап айтсақ, ендігі жерде қоғамдық кеңестердің 70 пайызынан кем емес құрамы байқау арқылы сайланатын үкіметтік емес ұйым өкілдерінен тұратын болады», - деді Болат Тілепов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, вице-министр олардың құқықтары мен міндеттерін кеңейту, сондай-ақ қоғамдық бақылау нысандарын регламенттеу жөніндегі іс-шаралар көзделгенін баса айтты.

«Міне, осы түзетулерді ескере отырып, жыл сайын Мемлекет басшысына қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама енгізілетін болады», - деді ол.


Жоғары қарай