Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жыл соңына қарай инфляция 8,5% жетуі мүмкін – Ұлттық банк

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 10:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкі жыл аяғына дейін елдегі инфляция 7,5%-8,5% дәлізіне баратынын болжап отыр. Бұл туралы банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азық-түлікке жатпайтын инфляция тамызда 7,3%-ке дейін 0,1 пайыздық тармаққа өсті. Өндірушілер бағаның өсімі және сұраныстың қалпына келуі аясында жанар-жағармай бағасының өсуі жалғасуда. Бұл киім-кешек және аяқ киім бағасының да өсуін жеделдетеді. Олардың азық-түлікке жатпайтын инфляцияға үлесі осы жылдың мамыр-тамыз айларында 0,94 пайыздық тармақты құрады», - деген Ерболат Досаев ақылы қызметтер инфляциясының тамызда 6,6%-ке дейін өсуі тарифтерді көтергенін атады.

«Шекті тарифтердің көтерілуіне байланысты электр энергиясы бағасының өсуі 10,1%-ті құрады. Сұранысты қалпына келтіру аясында тұрғын үйді жалға алу бағасы, қоғамдық тамақтану, газ және жолаушылар әуе тасымалы бағасы өсті. Болжамдық раундтың қорытындысы бойынша Ұлттық Банк биылғы жылдың соңына қарай инфляция 7,5%-8,5% дәлізінде қалыптасады деп күтуде. Оның төменгі шекарасы Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асыруды ескере отырып айқындалған», - деді Ұлттық банк басшысы.


Жоғары қарай