Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жылдық инфляцияның өсімі тоқтады – Ерболат Досаев

2021 жылдың 18 қараша 2021 11:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жылдық инфляцияның өсуі тоқтады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инфляцияны тұрақтандыру мақсатында Үкімет әкімдермен бірлесіп, осы жылғы қыркүйектен бастап баға өсуінің монетарлық емес факторларын тұрақтандыру мақсатында Инфляцияға қарсы ден қою іс-шараларының кешені іске асыра бастады. Өз тарапынан, Ұлттық банк экономикадағы сұраныстың өсуіне жауап ретінде дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізу аясында базалық ставканы 9 пайыздан 9,75 пайызға дейін үш рет көтерді. Сұраныс тарапынан инфляцияға қарсы қысым биылғы жылғы 9 айда тұтыну тауарлары импортының 21,4 пайызға өсуімен расталады», - деді «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» баяндаған Ерболат Досаев.

Оның атап өтуінше, Үкімет пен Ұлттық банктің үйлескен іс-қимылының нәтижесінде биылғы қазанда 6 ай жеделдеген жылдық инфляцияның өсімі тоқтады.

«Инфляцияға қарсы ден қою іс-шараларының кешені аясында тауар нарықтарындағы дисбалансты жою мақсатында жедел және жүйелі іс-шараларды одан әрі іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылы инфляцияны 8,5 пайызға дейін тұрақтандыруға және 2022 жылы 4-6 пайыздық нысаналы дәлізге кіруге мүмкіндік береді», - деді ҰБ төрағасы.


Жоғары қарай