Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жылқы іздеп шыққан қостанайлық алты күннен соң табылды

2021 жылдың 27 ақпан 2021 16:46

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат — Қостанай облысында боранды күні жылқы іздеуге шыққан ер адам бір аптадан соң табылды,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы жылдың 21 ақпаны күні Амангелді ауданының тұрғыны полицияға хабарласып, жылқы іздеуге шыққан Амангелді Сағымбайұлының қайтып оралмағанын айтады.

«1971 жылы туған жылқышы Үрпек ауылына қарасты «Евразия-Инвест» ЖШС-не тиесілі «Бірәлі» қыстағында жылқы бағып жүрген. 20 ақпан күні түнде атпен жылқы іздеп шыққан. Іздестіруге аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, Амангелді ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі М.Ахметов, тергеуші С.Махамбетов, учаскелік полиция инспекторы К. Әмірбеков шыққан болатын.Іздеу іс-шараларының нәтижесінде 27 ақпан күні жылқышы А.Тұржанов табылып, тікұшақпен Жезқазған қалалық ауруханасына жеткізілді», делінген полиция таратқан хабарламада.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жылқышы боранды күндері қар астында жатып, үсіп кетуден аман қалған.








Жоғары қарай