Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жылқылар сотталушылар қазған жасырын жерасты орындарын анықтауға көмектесуде

2021 жылдың 5 тамыз 2021 18:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының түрмесінде сотталушылар қашып шығу үшін қазған жасырын жерлер анықталуда. Мекеме қызметкерлері бұл жұмысқа жылқыларды пайдалануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне қарасты АК-159/11 мекемесі режимдік бөлімінің қызметкерлері 6505 әскери бөлімінің 4-ші атқыштар батальонының әскерилерімен бірлесіп, сотталушылардың күзетіліп отырған нысаннан қашып кетуіне жол бермеу мақсатында, жер астынан қазылған жасырын орындарды анықтау үшін жылқы малын пайдаланып келеді.

«Осындай тәжірибе тұрақты түрде барлық түзеу мекемелерінде жүргізіліп, абақтыдан қашудың жолын кесуге көмектеседі.




Егер жүріп келе жатқан жануар, кенет тоқтай қалса, бұл, қызметкерлерге сол жерді мұқият тексеруге себеп тудырады. Себебі, жылқы жер астында қуыс, ойылған жерге баспайды», - деп мәлім етті АК-159/11 мекемесі режимдік бөлімінің бастығы Әсет Шаймерденов.

Тексеру барысында қазылған орындар анықталған жоқ.


Жоғары қарай