Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жылыту маусымы қашан басталады - вице-министр жауабы

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 19:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жылудың қашан берілетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда жылыту маусымы әлеуметтік инфрақұрылым үшін - шамамен 1 қазанда, тұрғын үйлер үшін – 15 қазанда басталады. Және әлеуметтік инфрақұрылым үшін – 25 сәуірде, тұрғын үйлер үшін – 15 сәуірде тоқтатылады. Бірақ бұл – қатып қалған қағида емес», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мамандар ауа райының өзгеруіне қарай шешім қабылдайды.

«Температуралық параметрлерге сүйенеміз. Үш-бес күн бойы ауа температурасы +8 +10 градусқа дейін төмендесе, жылу берілуі тиіс. Сәуір айында да үш-бес күн аралығында ауа райы +8 +10 градустан әрі қарай жылыса, жылу беру тоқтатылады», - деді Қ. Өскенбаев.


Жоғары қарай