Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығы Анкарада аталып өтті

2021 жылдың 6 қазан 2021 17:51

АНКАРА. ҚазАқпарат - Жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығы Анкарада аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы және Кечиорен әкімшілігі ақынның құрметіне орай бірнеше іс-шара ұйымдастырды. Анкараның Жамбыл көшесіне ескерткіш тақтайша орнатылды. Енді анкаралықтар жыр алыбының өмірбаянымен тақтайшаға орнатылған QR-код арқылы таныса алады», - деді Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Бақытжан Омаров.

Оның атап өтуінше, Анкарада ұйымдастырылған іс-шараларға Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласы және Алматы облысының әкімшілік өкілдері, жыр алыбының ұрпағы Салтанат Жамбылова және өнер адамдары арнайы қатысқан.

«Мәдени жиынға қатысушылар Жамбылдың ұстазы Сүйінбай Аронұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті. Қазақ ақынының 175 жылдығына арналған іс-шара «Жамбыл- түркі дүниесінің жыр алыбы» атты халықаралық конференциямен жалғасты. ТҮРКСОЙ ұйымы ұйытқы болған жиында қазақ ақынының түркі әлеміндегі рөлі, шығармалары жайынды әңгіме қозғалды. Конференция барысында Жамбыл Жабаевтың түрік тіліне аударылған таңдамалы туындылар кітабының тұсауы кесілді», - деді ол.

















Жоғары қарай