Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 18:30

МАДРИД. ҚазАқпарат – «Реал Мадрид» испан футбол клубының жаттықтырушысы Зинедин Зиданның коронавирус инфекциясына жасалған тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Зидан 2019 жылы «Реал Мадридтің» жаттықтырушысы болып тағайындалған еді.

Клубпен жасаған келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін.

Ол бұған дейін Мадрид клубын 2016 жылдан 2018 жылға дейін жаттықтырған болатын.

Оның басшылығымен «Реал» чемпиондар лигасын үш рет жеңіп, екі рет Испания чемпионы атанды.


Басты сөздер: Коронавирус, Оқиға, Спорт,
Жоғары қарай