Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Зорлық-зомбылық байқалған отбасына 10 күнге дейін бірге тұруға тыйым салынады

2020 жылдың 24 маусым 2020 16:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда отбасында жанжал шығарғандар баспанадан уақытша шығарылады және психокоррекциялық бағдарламадан өтуге міндеттеледі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркина мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Парламентте депутаттар корпусы ұсынған Отбасылық-тұрмыстық зорлыққа қарсы іс-қимыл заң жобасы талқыланып жатыр. Талқылау барысында оның атауы «Тұрмыстық қарым-қатынастағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» деп өзгертілді. Талқылау жұмыстары өте белсенді жүріп жатыр, оған осы саладағы ең белсенді қоғамдық бірлестік өкілдері шақырылған», - деді А. Нұркина ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өткізген онлайн жиналыста.

Оның айтуынша, бұл бастаманы депутаттар ұсынып отыр.

«Депутаттар зорлық-зомбылық фактісі болып, адам өміріне қауіп төнген жағдайда отбасылық агрессор мен жәбірленушінің 10 күнге дейін бір баспанада тұруына тыйым салу бастамасын қолдады. Сот қарым-қатынасы орнаған жағдайда, құқық бұзушы психокоррекциялық бағдарламадан өтуге міндеттеледі. Қажет болған жағдайда өзге баспанасы бар-жоғына қарамастан ортақ баспанадан уақытша шығуға да мәжбүр болады», - деді депутат.

Қазіргі уақытта түзетулер мен өзгерістердің алғашқы бөлігі Үкіметке жіберілген. Осы аптада өзгерістердің тағы бір бөлігі жолданады.


Жоғары қарай