Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

1 қазаннан Қарағанды облысында 80 жаңа жылдамдық өлшегіш кешен іске қосылады

28 Сентября 2021 21:14

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешендер 1 қазаннан бастап Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев және Саран қалаларында жұмыс істей бастайды. Қазір олар тест режимінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру шеңберінде Қарағанды облысында 1 қазаннан бастап жылдамдық режимінің асып кетуін автоматты түрде тіркеуге арналған «Megacam Limit-S» 80 аппараттық-бағдарламалық кешені пайдалануға беріледі.

Ол үшін тиісті жол белгілері орнатылып, тестілеу жүргізіледі.

Мәселен, Қарағандыда 40 аппараттық-бағдарламалық кешен, Теміртауда – 15, Жезқазғанда – 10, Сәтбаевта – 10, Саранда – 5 камера жұмыс істейтін болады.

«Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру аясында 80 жаңа кешен пайдалануға беріледі.

Олар жылдамдық режимінің асып кетуін, тоқтау жолағынан өтуді және бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтуді тіркейді. Орын алған бұзушылық туралы хабарлама автоәуесқойларға жазбаша түрде пошта арқылы да, еgov порталы, SMS арқылы да келетін болады. Бұрынғыдай жеті күн ішінде айыппұл сомасының 50% төлеуге болады», – деді Қарағанды облысы ПД ӘПБ аға инспекторы Еділ Әбілов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингіде.

Жыл басынан бері Қарағанды облысында 275 ЖКО болды. Апат салдарынан 79 адам қаза тауып, 300-ден астам адам түрлі жарақат алды. Статистикаға

сүйенсек, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға аз.





Автор Агата Мухамеджанова
Ключевые слова: Қауіпсіздік, Көлік, Қарағанды облысы,
Наверх