Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

8 Декабря 2021 18:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 9 желтоқсанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с артады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде тұман, көктайғақ кутіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында және оңтүстігінде күші 15-20 м/с құрайды. Түнде және таңертен облыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысында күндіз жел шығыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды.

Шымкент қаласында түнде тұман болжанады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында тұман болады. Түнде облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі.


Ключевые слова: Ауа райы, Қазгидромет,
Наверх