Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

17 маусым. Туған күн иелері

17 Июня 2021 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 17 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




63 жыл бұрын (1958) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. 1986 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «тарихшы» мамандығы бойынша, 1999 жылы Мәскеу бизнес және ақпараттық технологиялар халықаралық университетін «экономист» мамандығы бойынша және 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1986-1998 жылдары – Қызылорда педагогикалық институты саясаттану және әлеуметтану кафедрасының тарих пәнінінің оқытушысы, аға оқытушысы, меңгерушісі.

1994-1998 жылдары – Қызылорда мемлекеттік университеті тарих және құқық факультетінің деканы.

1998-2001 жылдары – Қазақ Мемлекеттік Заң университетің Қызылорда филиалының директоры.

2001-2002 жылдары – Қазақ Мемлекеттік Заң университетің өңірлік оқыту жөніндегі проректоры.

2002-2008 жылдары – Қызылорда гуманитарлық-заң колледжінің директоры, Қазақ мемлекеттік заң университетінің Қызылорда филиалының директоры. 2008-2011 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

2011-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі.

2017-2019 жылдары – Қызылорда облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап.


Ключевые слова: Күнтізбе,
Наверх