Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

18 қыркүйек. Күн райына болжам

18 Сентября 2021 06:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 18 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР батыс аудандарына Солтүстік антициклон әсер ете бастайды – ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Қазақстанның қалған территориясына Солтүстік-батыс циклоны өз әсерін сақтайды, жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, солтүстік пен шығыста жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде Павлодар облысының басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақмола облысының солтүстік-батысында таңертең және күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстік-шығысында найзағай, батысы, солтүстік-батысы мен солтүстік шығысында желдің 15-20, түнде екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Түрістан облысының тауларында найзағай, солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында топырық бетінде, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында 3 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ключевые слова: Қазгидромет, Ауа райы,
Наверх