Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

18 қыркүйек. Туған күн иелері

18 Сентября 2021 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 18 қыркүйекке арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




56 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы БЕКТАНОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Киев жоғары жалпы әскери командалық училищесін, ҚР Қарулы Күшттерінің Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

1989-1990 жылдары - мотоатқыштар взводының командирі. 1990 жылы денсанттық-шабуылдау взводының командирі, 1990-1993 жылдары - десанттық шабуылдау батальонының барлау бастығы, 1993-1997 жылдары - Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанттар ротасының взвод командирі, 1997-1998 жылдары - мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары-штаб бастығы, 1998 жылы - ҚР Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік даярлық департаментінің офицері, 1998-2000 жылдары - академия тыңдаушысы, 2000-2001 жылдары - ҚР Қарулы Күштері Бас штабының жедел жоспарлау департаментінің топ бастығы, аға офицері, 2001-2005 жылдары - Республикалық ұланның жауынгерлік қызмет және әскерлерді даярау департаментінде басқарма бастығы, жедел басқару бастығы, департамент бастығы. 2005-2007 жылдары - Бас штаб Әскери акадесмиясының тыңдаушысы. 2007-2010 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігінің Штаб бастықтары комитетінің департамент бастығының орынбасары. 2010-2013 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастығы комитетінің жедел жоспарлау департаментінің бастығы. Қазақстан Республикасы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы (2013-2016), Қазақстан Республикасы Құрлықтағы әскерлерінің бас қолбасшысы (2016-2019). 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабының бастығы болған.

2021 жылдың тамыз айынан бері қазіргі қызметінде.





54 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары Бауыржан Қадырұлы ТОРТАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Мәскеудің Еңбек Қызыл ту орденді Серго Орджоникидзе атындағы Басқару академиясын бітірген .

1991-1992 жылдары - Семей тауарлы-шикізат биржасы ақпараттық-анықтама орталығының маманы. 1992 жылы - «»Байгел» ШК инженер-бағдарламашысы. 1992-1993 жылдары «Дидар» шағын жеке кәсіпорынның бас бухгалтері. 1993-1994 жылдары «Арпа масағы» жеке шағын кәсіпорнының бас бухгалтері. 1994-1995 жылдары - «Шарт» ұжымдық кәсіпорынының коммерциялық директоры. 1995 жылы - «Семей «Шаруашылық тауарлары» АҚ бас бухгалтері. 1996-1997 жылдары - Семей облыстық экономика басқармасының жетекші, бас маманы. 1997- 1998 жылдары - Семей қаласы әкімі аппаратының экономикалық бөлімінің консультанты. 1998-1999 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2002 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық Статистика басқармасы ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы. 2002-2008 жылдары - ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары. 2008-2010 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры. 2010-2011 - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры, 2014-2017 - ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы (04.2017-22.03.2019).

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалімен марапатталған.

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылдың сәуірінде кірісті.





50 жыл бұрын (1971) VII шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ дүниеге келген.

Қарағанды облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1994), тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы.

Еңбек жолы: Қарағанды облыстық балалар кітапханасының кітапханашысы (1988-1989), ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері (1994-1995), бөлім меңгерушісінің м.а. (1995-1996), институт директорының орынбасары (Алматы) (1997), ҚР Баспасөз және бүқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінің Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптамалық-талдау жұмысы және баспасөздегі заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары (Алматы), ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау, жоспарлау және реформаларды насихаттау басқармасының бастығы (Ақмола) (1997), ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары (Астана) (1998-1999), ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары (1999-2000), ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары (2000-2001), Теміртау қаласы әкімінің орынбасары (2001-2002), Ұлттық зерттеулер институтының директоры (2002-2003), «Ақ жол» ҚДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары (2003-2004), «Саяси білім беру қоры» Қоғамдық қорының президенті (2004-2005), «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жүмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ атқарушы директорының кеңесшісі (2005-2006), «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры (2006-2007), ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы (2007-2008), ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2008), Президенттің Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры (2008-2010), Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі (2010), Жезқазған қаласының әкімі (2010-2012), Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі (2012-2013), Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (2013), ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі (2017-2019). Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатының «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі (2019-2021).

Қазіргі лауазымын 2021 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.




48 жыл (1973) бұрын ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы ӘБІЛ дүниеге келді.

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында туған. 1995 жылы Жезқазған тау-кен технологиялық институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек өтілі: Жезқазған тау-кен технологиялық институтының «Экономика және кәсіпорындағы басқару» кафедрасының ассистенті, Жезқазған қ. (08.1995-11.1996), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тағылымгер-зерттеушісі, Қарағанды қ. (11.1996-12.1997), Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, Жезқазған қ. (12.1997-04.1999), Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, Жезқазған қ. (04.1999-02.2002), Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының доценті, Жезқазған қ. (02.2002-05.2002), Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, Жезқазған қ. (05.2002-02.2006), Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Экономика және құқық» институтының директоры, Жезқазған қ. (02.2006-10.2006), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының «Экономика және қаржы» кафедрасының доценті, Астана қ. (10.2006-09.2012), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтының «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы меңгерушісінің м.а., Астана қ. (09.2012-07.2013), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтының «Экономиканы басқару» кафедрасы меңгерушісінің м.а., Астана қ. (07.2013-11.2016), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институты директорының м.а., Астана қ. (11.2016-01.2017), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтының директоры, Астана қ. (01.2017-08.2019).

2019 жылғы 21 тамызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі бар.

Британдық PRINCE2® жобаларды басқару әдісінің, сондай-ақ жобалар, бағдарламалар және портфолио менеджменті саласындағы ҚР СТ ISO 21500/21503/21504 ұлттық стандартының аккредиттелген тренері.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды (2020).





47 жыл бұрын (1974) Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Бақытұлы ӘЗІРБАЕВ дүниеге келді.

1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын (бүгінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті) бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы және Атырау қалаларындағы «АБН АМРО Банк» (Голландия) еншілес банкінде бастады, 5 жыл ішінде валюталық бақылау бөлімінің бастығы болды. 2003 жылдан бастап 2006 жылға дейін - Астана қаласында «Қуат-Агро» агрохолдинг компаниясының бас директоры. 2006 жылдан бастап 2009 жылға дейін - «Казкоммерцбанк» АҚ лизинг бөлімнің бастығы және корпоративтік қатынастар департаментінің директоры. 2009 жылдың тамыз айында «Global Building Contract» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы (2017-2019), Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы (2019).

2019 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл» медалімен, Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.




26 жыл бұрын (1995) VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Абылайұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика» әлеуметтік білім бакалавры, 2019 жылы «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «журналистика» факультеті жанындағы «Медиасфера» гуманитарлық орталығында тағылымгер-зерттеуші ретінде бастаған. 2017-2018 жылдары «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы болды.

2018 жылдың сәуір айынан тамыз айына дейін Халықаралық бизнес университетінің Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері болып жұмыс істеді. 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылдың наурыз айынан бастап «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.

«Біз біргеміз» акциясы аясында Алматы қаласы бойынша 200 жасотандық еріктінің жұмысын үйлестірді. Сондай-ақ Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге және Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысты.

2019 жылы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі болып сайланды.

2021 жылғы қаңтардан бастап - жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі.


Ключевые слова: Күнтізбе,
Наверх