Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

19 қаңтар. Туған күн иелері

19 Января 2022 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 19 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




57 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғабит Түрейұлы МИРАЗОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1991-1992 жылдары – Алматы қаласы Мәскеу ауданы прокурорының көмекшісі. Алматы қаласы прокуратурасының аға тергеушісі болып тағылымдамадан өткен. 1992-1995 жылдары – Алматы қаласы прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі. 1995-1996 жылдары – Алматы қаласының прокуратурасының Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры. 1996 жылдың қаңтар-мамыр айларында – Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары. 1996-1998 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының орынбасары. 1998-1999 жылдары – Алматы қаласы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот қаулылары мен атқарушылық іс жүргізу заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімнің басшысы. 1999-2001 жылдары – Алматы қаласы прокуратурасының жедел іздеу қызметі, тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы. 2001 жылдың ақпан-сәуір айларында Алматы қаласы Түркісіб ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы облысы Балқаш ауданының прокуроры болды. 2002 жылдың мамыр-қазан айларында Алматы облысы Қапшағай қаласының прокуроры. 2002-2008 жылдары – Алматы облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары. 2008-2012 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2012-2017 жылдары – Алматы облысының прокуроры. 2017-2018 жылдары – Алматы қаласының прокуроры. 2019 жылы – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет әскери басқармасының басшысы.




56 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Қарулы күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, генерал-лейтенант Мүсілім Мұхтарұлы АЛТЫНБАЕВ дүниеге келді.

1987 жылы Саратов жоғары әскери-авиация ұшқыштар және штурмандар училищесін бітірген. 1987-1996 жылдары – КСРО/ҚР ӘҚК-де офицерлік лауазымдарда. 1998 жылы РФ Қорғаныс министрлігінің Әскери-дипломатиялық академиясын бітірді. 1998-1999 жылдары – Қазақстанның АҚШ-тағы әскери атташесінің көмекшісі. 1999 жылдан – Қазақстанның АҚШ-тағы әскери атташесі. 2006 жылдан – ҚР Қорғаныс министрлігінің Штаб бастықтары комитеті төрағасының орынбасары. 2010-2013 жылдары «Астана» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы қызметін атқарды. 2017-2020 жылдары – ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары.




53 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі Ерлан Ысқақұлы БАЙТҰҚБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: Алматы қаласы Фрунзе ауданы прокурорының көмекшісі (1993-1994); Алматы қаласы Фрунзе ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының орынбасары, аға көмекшісі, прокурорының орынбасары (1994-1999); Алматы қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты бақылау департаменті бастығының орынбасары, Алматы қаласы прокурорының атқарушылық іс жүргізу жөніндегі аға көмекшісі (1999-2002); прокурор, Республиканың Бас прокуратурасының сол аттас департаменті ІІМ органдарындағы тергеу мен анықтауды қадағалау бөлімінің аға прокуроры (2002-2003); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Төтенше жағдайлар және көлік агенттігі органдарындағы заңды тергеулер мен анықтамаларды қадағалау департаменті басшысының орынбасары, басшысы (2003-2007); Қостанай облысы прокурорының орынбасары (2007-2010); Орталық көлік прокуратурасының аппарат басшысы – Департамент басшысы (2010-2011); Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары (2011-2014); Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары (2014 жылдан бастап); Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі құқық қорғау жүйесі бөлім меңгерушісінің орынбасары (2019-2020).

2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі қызметінде.




43 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Қалмақаметұлы ТӨРЕБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, халықаралық экономист; Берн университетінің Дүниежүзілік сауда институты, халықаралық құқық және экономика магистрі.

Еңбек жолы: жеке құрылымдарда жұмыс істеді (1997-2001); ҚР СІМ валюта-қаржы департаменті жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, ҚР СІМ және Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінде түрлі лауазымдарды атқарды (2001-2009); Азия Даму Банкінің Орталық Азия өңірлік ынтымақтастық бағдарламасының үйлестірушісі (2011-2012); ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаментінің бірінші хатшысы (11.2012-12.2012); ҚР Экономикалық даму және сауда министрі хатшылығының кеңесшісі (2012-2013); ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары (03.2013-04.2013); ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (2013-2014); ҚР ҰЭМ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (2014-2019); ҚР ҰБ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (06.2019-07.2019).

Атқаратын лауазымында – 2019 жылғы шілдеден бастап.


Ключевые слова: Күнтізбе, Қоғам,
Наверх