Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

19 шілде күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

18 Июля 2021 20:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 шілде күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

19 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді. Жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады.

Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды. Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимыл жоспары қабылданбақ

11.00-де онлайн форматта «Учаскелік полиция инспекторының мәртебесін көтеру және «жұртқа жақын полиция» қағидасын қамтамасыз ету туралы» брифинг өтеді. Спикер: ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк.

15.00-де BAITEREK Development АҚ-да Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың төрағалығымен «Құрылысы саласын цифрландыру. Мемлекеттік сатып алудың ашықтығын ықпал ететін қолданыстағы жаңа тетіктер» тақырыбында презентация өткізіледі.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау бойынша конкурстың басталуы туралы» брифингі өтеді. Спикер: ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов. Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.


Ключевые слова: БАҚ, Басқа меморгандар,
Наверх