Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2 тамыздан бастап Ashyq жүйесінде қандай нысандар жұмыс істейді

28 Июля 2021 19:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов 2 тамыздан бастап Ashyq жүйесінде қандай нысандар жұмыс істейтінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдыңғы қаулыда Нұр-Сұлтан бойынша кинотеатрлар, фитнес-орталықтар жұмыс істемеген еді. Енді 2 тамыздан бастап Ashyq жүйесінде олардың қызметіне рұқсат етіледі, сонымен бірге бильярд, компьютер клубтары жұмыс істей бастайды», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, қолданыстағы шектеулерді локдаун деп атауға болмайды.

«Бұл сөзсіз шектеулер ғана. Әзірге оларды «демалыстағы шектеулер» деп атаймыз. Іс жүзінде Ashyq жүйесі барлығына жұмыс істеу құқығын беріп отыр. Әрине, демалыс күндері бизнес шығынға ұшырайды, бірақ оны төтенше жағдай немесе локдаун деп атауға, 42 500 төлеу керек деуге заңды негіз жоқ. Бизнес те өздері жұмыс істегені дұрыс екенін түсінеді. Шектеулер кесірінен табыстың азаятыны түсінікті. Алайда олар бес күн жұмыс істейді. Әзірге шектеулер бір аптаға ғана салынады. Бір аптадан кейін жағдай жақсарады деп ойлаймын. Егер сіз Ashyq жобасында бослаңыз, еркін жұмыс істей аласыз. Көптеген кәсіпкерлер кешкі уақытта негізгі табыс түсетінін айтты. Ең бастысы – бұл ұзақ мерзімді шектеу емес. Бір аптадан кейін жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырып көрейік, егер жағдай тұрақтанса, тамыз айының ортасында шаралар қабылданады», - деп түсіндірді Абылай Мырзахметов.


Наверх