Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

50-ге жуық мәдениет қызметкері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды

28 Мая 2022 19:56

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында 50-ге жуық мәдениет қызметкері «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Ол бүгін оңтүстікте «Ұлт рухы – ұрпақ мұраты» атты Қазақстанның І мәдениет форумы өткенін атап өткен. Еліміздің барлық өңірінен келген сала өкілдерінің, зиялы қауымның басын қосқан іс-шара мәдениет пен өнер төңірегіндегі көптеген түйткілді мәселені ортаға салды.

«Өзекті тақырыптарды батыл көтеріп, болашақ рухани бағыт-бағдарымызды ашық талқылаған спикерлерге ерекше алғыс айтамын. Форум аясында Президентіміздің Жарлығымен бекітілген 50-ге жуық әріптесімізге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын салтанатты түрде табыстадық. Аталған марапат салаға бар саналы ғұмырларын арнаған нағыз мәдениет майталмандарына берілді», - деп жазды ведомство басшысы Дәурен Әскербекұлы.

Форум ары қарай министрліктің Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған ашық аспан астындағы тұңғыш кітап жәрмеңкесімен жалғасты.


Наверх