Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмола облысында ауыз су сынамаларының 8,2% талапқа сай болмады

27 Мая 2022 22:09

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында зерттеуге алынған ауыз су сынамаларының 8,2 пайызы гигиеналық норматив талаптарына сай келмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық санитарияллық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде ауыз судың сапасына микробиологиялық көрсеткіштер бойынша тұрақты негізде бақылау жүргізіліп тұрады.

«Өткен аптада облыста ауыз суға қатысты микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 73 сынама зерттелді, оның ішінде 6 сынама (8,2 пайызы) гигиеналық норматив талаптарына сай келмейді. Суды үнемі тұтыну адам ағзасына қажет. Алайда, әрбір су көзі санитарлық қызметтердің белгіленген талаптарына сай келе бермейді», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Департамент мамандарының айтуынша, су құбыры және ағынды суларда патогенді микроорганизмдердің болуы су сапасының төмендеуіне және түрлі ауруларға әкеліп соғуы мүмкін.

«Су адамның әл-ауқатына, ағзасының жұмысына, сондай-ақ өмір сүру ұзақтығына тікелей әсер етеді. Сол себепті эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу және су жолымен берілетін жаппай жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында суды қайнатып немесе шөлмектегі суды ішу, тағам дайындау, көкөністерді, жемістерді жуу үшін тазартылған суды пайдалану, қолдың қарапайым гигиеналық ережелерін сақтау, улану белгілері болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну тәрізді қарапайым қағидаларды сақтау қажет», - деп толықтырды ведомстводан.


Автор Аслан Оспанов
Ключевые слова: Аймақ, Ақмола облысы, ауыз су, Су, Қоғам, Денсаулық,
Наверх