Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында Үздік сәндік-қолданбалы өнер шеберлері анықталды

22 Сентября 2021 13:21

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Отаным-менің Қазақстаным» сәндік - қолданбалы өнер шеберлері мен қолөнершілерінің облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс орталығындағы Достық үйінің жанында орналасқан Арбат аумағында ұйымдастырылған шығармашылық шарада облыс аудандары мен қалаларында өткен кезеңдердің қорытындысы бойынша іріктелген шеберлердің жұмыстары ұсынылды.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз қызметі атап өткендей, байқау қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, шеберлердің шығармашылық әлеуетін іске асыру, Қазақ ұлттық өнерін дамыту және еңбек құндылықтарын белсенді ілгерілету мақсатында Қазақстан халқы ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында өткізілді. Көкшетау, Степногор, Қосшы қалалары мен облыстың 11 ауданынан 25 шеберлер мен қолөнершілер өздерінің бірегей және әсем бұйымдарын ұсынды. Оның ішінде ағаштан, былғарыдан, сүйектен, бисерден, киізден, жүннен, пластиктен, металдан жасалған бұйымдар, ұлттық нақыштағы бұйымдар, кесте тігу, киіз басу, тоқу, түрлі қолөнер, кәдесыйлар тәрізді түрлі жұмыстар бар.




Байқау қатысушыларына облыс әкімінің орынбасары Айна Мысрәлімова құттықтау сөз сөйледі.

«Менің Отаным – Менің Қазақстаным» жобасы сіздердің қаншалықты талантты екенін көрсетті, достық пен сенімді, этностар арасындағы жан-жақты шығармашылық, мәдени байланыстарды нығайтты, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен қолөнершілерінің кәсіби өсуі мен қарым-қатынасы үшін шығармашылық атмосфера құрды. Мен барлық қатысушыларға Қазақстан халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын насихаттағаны, халықтық қолданбалы өнерді дамытқаны үшін алғыс айтамын», - деп атап өтті аймақ басшысының орынбасары.

Халық шеберлерінің үздік жұмыстарын Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының төрағалары кірген құзыретті қазылар алқасы анықтады.




Бас жүлдені Шортанды ауданының суретшісі, қолөнер шебері Кәрім Бектас жеңіп алды, ол байқауға әр түрлі жануарлардың өңделген сүйектерінен жасалған бұйымдарды ұсынды. Бірінші орынды Қосшы қаласынан Асхат Бозымбай, екінші орынды Көкшетаудан Кенжебай Смағұл, үшінші орынды Ерейментау ауданынан Әлем Нахшир иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.





Автор Аслан Оспанов
Ключевые слова: Мәдениет, Қоғам, Ақмола облысы,
Наверх