Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысындағы диқандар әр гектардан 15 центнерден астық алуда

16 Сентября 2021 18:38

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы диқандарының күзгі егін орағы науқанындағы астық жинауда қарқыны жоғары. Маңызды науқанда алғашқылардың бірі болып, бітік шыққан егінге шалғы салған Шортанды ауданындағы «Бектау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диқандары да шешуші кезеңде ширақ қимылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Серіктестік директоры Петр Ткаченконың айтуынша, қазір дала төсінде егін орағының нағыз қызған шақ. Диқандар барлық күшті ел ризығын шашпай-төкпей жинап алуға жұмсап жатыр. Шаруашылық биыл 21, 6 мың гектар алқапқа дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын сепкен. Жазда жауын-шашының аз түскеніне қарамастан, агротехникалық шараларды уақытында, сапалы атқарған серіктестік диқандары тәуір өнім алуда. Гектар берекесі 15,3 центнерден айналуда. Астық алдымен қырманға жөнелтіліп, кейін осындағы астық сақтау қоймаларына жайғастырылуда.

«Егістік алқаптарда жүрген техниканың бәрі су жаңа. Науқанға барлығы сегіз «Вектор 410» және он «Джон Дир» тәрізді шетелдік алымдылығы жоғары комбайндар жұмылдырылған. Бастырылған дән тоғыз «К-700» тракторы, сегіз «КамАЗ» көлігі және тіркемелі екі «Беларусь» тракторлары арқылы тасымалданады», - деді Петр Ткаченко.

Серіктестік басшысы атап өткендей, диқандардың қимылы ширақ.

«Қазір науқан кезінде 160 адам жұмыс істейді. Барлығы өз ісінің шеберлері. Жұмысқа ауыл адамдары тартылып, өз нәпақаларын табуда. Науқан кезінде механизаторлар орташа 600-800 мың теңгеден айлық алады. Жинаған өнімдерімізді Шортанды кентіндегі элеваторға жөнелтіп, қалғанын өзіміз де сақтаудамыз. Келер жылға қажетті 3,5 мың тонна тұқым қорының 2 мың тоннасын жинап қойдық», – деп толықтырды Петр Ткаченко.

Бүгінгі таңда егістік алқабының 85 пайызын жинап үлгерген серіктестік диқандары ауа райы ашық болса, алдағы 4-5 күнде егін орағын аяқтайтындықтарына сенімді.

«Биыл егінің шығымы жылдағымен салыстырғанда онша емес. Алда күндері ауа – райы жайлы болса, бар күшімізді салатынымыз анық. Оған осы салада ұзақ уақыт жұмыс істеген тәжірибеміз де жетерлік, – деп түйіндеді серіктестік басшысы.

Сонымен бірге, серіктестікте егіні жиналып босаған 3,5 гектар жер жыртылып, өңделген. Жоспар бойынша 4 гектар жерді өңдеу межеленіп отыр.



Автор Аслан Оспанов
Ключевые слова: Ауыл шаруашылығы, Ақмола облысы,
Наверх